«2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:
1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;
5. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
6. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;
7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі», - делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында.
Еске салсақ, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа
қол қойды.
Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау
19 наурызға белгіленді.