Мейрамкул Исаева: Партиялар мен жеке тұлғалар арасындағы бәсекелестік қоғамда саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуға жол ашады

Мейрамкул Исаева,

PhD doktor, Саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері.

қоғамдық саяси ғылымдар Академиясы (ҚСҒА) жанындағы

Жас сарапшылар платформасының қатысушысы


2023 жылдың 10 наурызында сайлауға қатысушы партия өкілдерінің сайлауалды пікірсайыс алаңында кездесу сұқбаты өтті. Пікірсайыс алаңында әр партия өкілі өз партиясының бағдарламаларымен қысқаша таныстырып, алдағы сайлауда қазақстандықтар қолдап дауыс берген жағдайда қоғам мүддесіне қандай игілікті іс ұсына алатыны туралы ақпарат берді.



Бұл жолғы сайлаудың өзгешелігі сол, біріншіден, сайлауға түсетін партиялардың саны бұрынғы сайлауға қарағанда анағұрлым көп, яғни көппартиялық жүйенің дамуында шынайы қадамдардың болуы.


Екіншіден, жаңадан құрылған партиялардың жаңа серпін, жаңа мақсат, жаңа үмітпен саяси аренада өзін таныта білу мүмкіндігі.

Үшіншіден, саяси процесс ретінде бұл жолғы сайлауда партия саны тұрғысынан шынайы бәсеке құбылысының орын алуы.

Төртіншіден, жаңа партиялардың құрылуы жаңа бір саяси идеологияның туындауына әкелетіндіктен қоғамда саяси плюрализм дамуына жол ашылуы.

Бесіншіден, жаңа партияның құрылыуының өзі ел азаматтарының саяси белсенділігінің артуы нәтижесінде бірлесу бостандығы құқығын қолдана, нәтижесінде азаматтарда саяси белсенділік пен саяси мәдениеттің дамуына әсер етуі.

Алтыншыдан, жаңадан құрылған саяси партияларды азаматтардың қолдап мүше болуының өзі азаматтардың саяси құқықтарын қолданғандығы елдегі демоктратия дамуының бір көрінісі ретінде бағалануы секілді бірнеше ерекшелігін атап өтуге болады.


Сайлауға саяси бәсекеге жеті саяси партия үміткер ретінде өз өкілдерін ұсынды. Бұл үміткер партиялар арасында отыз жылдық тәжірбиесі бар «алып» партиялармен қатар, құрылғанына екі айдай ғана уақыт болған «жаңа/жас» партиялар да бар.

Үміткер партиялар потенциалы, идеологиялық мазмұны, тіпті партия мүшелері тұрғысынан да әр алуан. Телеарнадағы бағдарламада партия өкілдері арасынан бір партияның екінші бір партияға (тәжірбеиелі партия өкілінің жаңа партия өкіліне) коалиция ұсынылғаны, алдағы уақытта бірлесе қызмет ету туралы ұсыныстары туралы айтылды. Бұл ұсыныс, жаңадан құрылған бір партияның өзінің жаңа жолын бағдарлау талпынысындағы әрекеттерінен бас тартып, қайтадан ірі партиялардың көлеңкесінде қалып қою жағдайын туындатуы мүмкін.

Саяси партиялар санының көп болуы және олардың өз идиеологиясын жүзеге асыруға деген шынайы бәсекелестігі қоғамда саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуға жол ашатынын, нәтижесінде адам құқықтарын қорғалатын, азаматтардың мүддесіне қызмет ететін демократиялық қоғамның орнығуына жол ашады.

Дереккөз: «NIKA group» кеңейтілген зерттеулер орталығы
OUR COMPANY
Bring Your Ideas to Life
Everything that you dreamed of can be brought to life exactly at the moment when you decide to win.