Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.
Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті.
Шетелдегі 59 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.
Республикада дауыс беруге арналған 10 223 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 62 елде 77 учаске бар.
92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08.00-де дауыс беруге кіріседі.
Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 12 млн. 32 мың 550.
Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 12 765 есептен шығару куәлігін берді.
Дереккөз: Ақорды мен Р Сенаты