Нұрлан Әбдіров Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесу өткізді.
18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров пен ҚР ОСК мүшелері Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Николай Булаевпен және РФ ОСК мүшесі Людмила Маркинамен кездесті.
Қазақстанның Ортсайлауком Төрағасы әріптесін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысымен қысқаша таныстырды, сайлау кезеңіндегі ОСК жұмысы, сайлау органдарының дауыс беру күніне дайындығы туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар ағымдағы сайлаудың ерекшеліктерін талқылады және сайлауды халықаралық байқау институтының негізгі даму үрдістерін қарастырды.
Николай Булаев Қазақстанда сайлау сәтті әрі демократиялық жолмен өтетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Нұрлан Әбдіров әріптестеріне сапары үшін алғыс айтып, Ресей делегациясына сайлауды байқауда табыс тіледі.
Қорытындылай келе, тараптар өзара ынтымақтастық пен тұрақты тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.
Нұрлан Әбдіровтің Ислам ынтымақтастығы ұйымының делегациясымен кездесуі өтті.
18 наурызда Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров ИЫҰ Бас хатшылығы саяси департаментінің елшісі Сэид Шейх Сэид Хассан Шариф бастаған Ислам ынтымақтастығы ұйымының делегациясымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ортсайлауком басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына әзірлік пен өткізу барысы туралы хабардар етті, депутаттыққа кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы қысқаша айтып берді, сондай-ақ кандидаттарды тіркеудің барлық рәсімдері конституциялық нормаларға сәйкес жариялылық және ашықтық қағидаттарында жүргізілгенін атап өтті. Сайлау комиссиялары азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдады.
Нұрлан Әбдіров Ислам ынтымақтастығы ұйымының делегациясы еліміздегі сайлау процестерін байқауға бірінші рет қатысып отырғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ халықаралық байқаушыларға олардың шақыртуға жауап беріп, сайлау процесіне мониторинг жүргізу үшін Қазақстанға келгендері үшін алғысын білдірді.
ОСК Төрағасы сайлау комиссиялары сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтуі үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.
ОСК хатшысы Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының өкілдерімен кездесті.
18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман құрамына Португалия Республикалық Ассамблеясының мүшесі, Жерорта теңізі ПА вице-президенті Антонио Педру РОК Оливейра және Жерорта теңізі ПА-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Джонас-Флорин Уркана кіретін Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен кездесу өткізді.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы делегация мүшелеріне сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің қорытындыларын, депутаттыққа тіркелген кандидаттар туралы ақпаратты ұсынды, Жерорта теңізі ПА өкілдерін сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтарының саны, елдегі сайлау учаскелерінің саны, сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Антонио Педру РОК Оливейра берілген ақпарат үшін ризашылығын білдіріп, сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.
ОСК Төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті.
18 наурызда Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров бір күннің ішінде халықаралық байқаушылармен алты кездесу өткізді.
Күннің бірінші жартысында Нұрлан Әбдіров Беларусь және Ресей Одағы Парламенттік жиналысы делегациясының өкілдерімен, Тәжікстанның сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының Төрағасы Бахтиер Худоерзодамен кездесулер өткізді және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобымен кездесті.
Ол қонақтарды алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына әзірлік пен өткізу барысы, сондай-ақ сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы қысқаша хабардар етті, кездесулерге қатысушылардың сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге, олардың қорытындыларын шығару мерзімдері мен тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Кездесулер барысында ОСК Төрағасы елімізде халықаралық байқаушылардың алдағы сайлауға қатысуына, оның ішінде Қазақстанның демократиялық дамуын қолдаудың белгісі ретінде маңызды мән берілетінін атап өтті.
Делегациялардың басшылары сайлау қарсаңында еліміздегі тыныш, ақпейілді жағдайды, сайлау науқанын ұйымдастырушылар дайындығының жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, дауыс беру күні байқауды объективті және бейтарап жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының өкілдерімен кездесуі. 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын байқауға шет мемлекеттердің Армения, Молдова, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Румыния, Венгрия, Грузия, Үндістан, Моңғолия, Түрікменстан және Филиппин 16 орталық сайлау органдарынан өкілдері келді.
ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров құттықтау сөзінде кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасының ағымдағы сайлау науқанын байқауға қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ кездесу сайлауды әзірлеу мен өткізу саласындағы сарапшылардың кездесуі болып табылатынын атап өтті, өйткені бүгінгі кездесуге қатысушылардың әрқайсысы өз елі үшін маңызды осы саяси оқиғаны өткізді немесе оған қатысты.
Сайлау науқанына дайындық барысы туралы ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады. Ол ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктері, оның кезеңдері және дауыс беру күніне дайындық туралы айтты. Сондай-ақ ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина электоралдық оқыту қорытындылары туралы баяндады.
Кездесу қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өтті.
Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесулер өткізді.
17 наурызда Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров бір күннің ішінде халықаралық байқаушылармен сегіз кездесу өткізді.
Бұл күні ол Әзербайжан, Молдова, Моңғолия ОСК Төрағаларымен, Түркия Республикасы ОСК мүшелерімен, сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының, Түркі мемлекеттері ұйымының және Түркі Парламенттік Ассамблеясының делегацияларымен кездесті.
Ортсайлауком Төрағасы делегация мүшелеріне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын ұсынды, кездесулерге қатысушыларды сайлау заңнамасындағы реформалардың іске асырылу барысымен таныстырды, сондай-ақ кандидаттарды және саяси партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу қорытындылары туралы хабардар етті.
Кездесулер аясында Нұрлан Әбдіров сондай-ақ сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтарының саны, елдегі сайлау учаскелерінің саны және алдағы сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы хабардар етті.
ОСК Төрағасы халықаралық байқаушыларға олардың шақыртуға жауап беріп, сайлау процесіне мониторинг жүргізу үшін Қазақстанға келгендері үшін алғысын білдірді. Нұрлан Әбдіров елімізде сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтуі үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Ол сондай-ақ Ортсайлауком ұлттық заңнамаға және жоғары демократиялық стандарттарға сәйкес еркін және әділ сайлау өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын, сондай-ақ алдағы сайлауды байқауды 12 халықаралық ұйым мен 41 елден 793 байқаушы жүзеге асыратынын атап өтті.
Өз кезегінде, делегация өкілдері кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңдері бойынша нақтылайтын сұрақтар қойып, сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап көрсетті.
Дереккөз: election.gov.kz