Ағымдағы жылдың 15 наурызында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованың төрағалығымен ҚР ОСК жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс жұмысына мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары мәселелеріне жетекшілік ететін жұмыс тобының, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл офисінің, саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ және ТМД ДИАҚБ миссияларының байқаушылары қатысты.
Жұмыс тобының отырысында ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларды 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауға дайындық барысы туралы, сондай-ақ Брайль шрифтімен трафареттер жасау мәселесін қоса алғанда, олардың сайлау учаскелерінде дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырысты аша отырып, ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын сапалы ұйымдастыру мақсатында саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерге сайлау тағайындалғаннан кейінгі ҚР ОСК-ның алғашқы отырыстарының бірінде мүгедектігі бар азаматтардың саяси және қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар азаматтарды мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ретінде ұсыну және мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды ескере отырып, сайлау алдындағы үгіт жүргізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылғанын атап өтті.
Қазақстан Республикасының барлық жеті саяси партиясы өкілдерінің Орталық сайлау комиссиясының ұсынымдарын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараты тыңдалды.
Мәселен, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының өкілі
Марат Сыдықов сайлау науқаны шеңберінде «AMANAT» партиясының сайлауалды штабы мүгедектігі бар адамдарға (көру қабілеті нашар, көру функциясы бұзылған адамдар) партияның үгіт материалдарымен танысу мүмкіндігі үшін ерекше назар аударғанын атап өтті.
Сондай-ақ буклеттерді дайындау кезінде арнайы бедерлі-нүктелі тактильді қаріп (Брайль қарпі) пайдаланылды, нашар көретіндердің қажеттіліктеріне бейімделген партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпаратты орналастыру үшін ақпараттық сайт әзірленді.
«AMANAT» партиясынан ұсынылған кезде республика мәслихаттарына депутаттыққа кандидаттар шамамен 2% - дан астамы немесе 56 адам мүгедектігі бар адамдар болды.
«Ақ жол» ҚДП Орталық аппаратының өкілі
Абай Табысбаев Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлау заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында мүгедектігі бар адамдар арасынан облыстық мәслихаттардың партиялық тізіміне 13 кандидатты ұсынғанын хабарлады.
Сайлаушылармен кездесулерді ұйымдастыру үшін жүріп-тұруында қиындықтары бар кандидаттар арнайы көлік құралдарымен және жеке көмекшілермен қамтамасыз етіледі.
«Ауыл» ХДПП хатшысы
Қуаныш Сейітжанов сайлау науқаны барысында өңірлерде инклюзивті қоғам адамдарымен үгіт-насихат іс-шаралары, мысалы, «Инклюзивті қоғамға-лайықты назар» республикалық маңызы бар іс-шара, «Инклюзияның қоғамдағы рөлі» тақырыбында подкаст, мүгедектердің бірқатар қоғамдық бірлестіктерімен, көп балалы аналармен және олардың отбасыларымен, мүгедектігі бар сайлаушылармен кездесулер өткізілгенін атап өтті, оның ішінде инклюзивті қоғамның балалары да бар.
Сондай-ақ басқа өңірлерде партия филиалдары «Ауыл» партиясынан түрлі мәслихаттардың кандидаттарымен және сайлауалды штабтардың мүшелерімен, белсенділерімен кездесу және сайлау алдындағы үгітті жүргізу жөніндегі іс-шараларды жоспарлады.
Науқан аясында партиядан барлық деңгейдегі мәслихаттарға мүмкіндігі шектеулі 6 үміткер ұсынылды.
Қазақстан Халық партиясы Саяси кеңесінің мүшесі
Ислам Сұңқар барлық үгіт шаралары партия іс-шараларының тікелей қатысушылары болып табылатын мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайлар ескеріле отырып жүргізіліп жатқанын хабарлады. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында түрлі деңгейдегі мәслихаттарға Жамбыл, Павлодар облыстарында, Абай, Ұлытау облыстарында және Алматы қаласында 5 мүгедектігі бар адам ұсынылды.
Қазақстанның «Байтақ» Жасылдар партиясының Республикалық сайлауалды штабы басшысының орынбасары
Ермек Рахимов Алматы және Жамбыл облыстарында мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен үгіт жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» орталық аппаратының басшысы
Талғат Омаров тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. ЖСДП-дан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына мүгедектігі бар кандидат ұсынылды.
«Respublica» партиясының өкілі
Нұрлан Джаменков партиядан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат болып, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыра отырып, Алматы қаласы бойынша сайлауалды үгіт - насихат жұмыстарын белсенді жүргізетін, әрқайсысының мүмкіндіктері тең болатын инклюзивті қоғам құру бөлігінде көру қабілеті нашар адам ұсынылатынын хабарлады.
Мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды ескере отырып, сайлау алдындағы үгітті жүргізу мүмкіндігін «Respublica» партиясы жеткілікті жоғары деңгейде көздеген, бұл көптеген сайлаушыларды қамтуға мүмкіндік беріп отыр.
Бұған дейін Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарында мүгедектігі бар сайлаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, кандидаттардың үгіт материалдарын дайындау тәжірибесі болмаған. Сондықтан жұмыс тобының мүшелері осы бағытта белгілі бір жетістікке жеткендерін атап өтті.
Бұдан әрі отырыс барысында бірқатар жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруі үшін учаскелерде ерекше жағдайларды қамтамасыз ету, сайлау комиссияларына мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға жәрдемдесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Сонымен қатар
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың адам құқықтарын қорғау бөлімінің меңгерушісі Жанар Бигалиева отырысқа қатысушыларды мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін учаскелердің қолжетімділігін тексеру нәтижелері туралы хабардар етті.
Осылайша, сайлау алдында Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өзінің өңірлік өкілдеріне аталған саладағы заңнаманың сақталуына барлық сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізу, сол арқылы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығына қол жеткізуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Уәкіл өкілдерінің алдын ала ақпаратынан а.ж. 14 наурызындағы жағдай бойынша тұтастай алғанда, медициналық әлеуметтік мекемелерде және тергеу изоляторларында орналасқан сайлау учаскелері дайын және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға сәйкес келтірілгені туындайды.
Уәкіл өкілдерін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуына, оның ішінде олардың сайлау құқығына қол жеткізуіне мониторинг жалғасуда.
Сондай-ақ 2022 жылғы президенттік сайлауда алғаш рет шығарылған Брайль шрифтінің көмегімен трафаретті дайындау жеке мәселе болды. Оны сарапшылар да, көру қабілеті нашар сайлаушылар да оң бағалады.
Мәселен, ағымдағы науқан шеңберінде ҚР ОСК партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін Брайль шрифтін пайдалана отырып трафарет дайындады.
Сараптаманы екі ұйым жүргізді: «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ, «Еркіндік қанаты» ҚБ.
Бүгінгі күні аумақтық сайлау комиссияларының ақпаратына сәйкес, Парламент Мәжілісінің бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын, сондай- ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеньдерге, трафареттер мен аудионұсқалары дайындалды, оларды тыңдағаннан кейін бюллетеньдерді өз бетінше толтыра алады.
2023 жылғы 3-4 наурызда ҚР ОСК «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен бірлесіп екікүндік онлайн-тренинг өткізді. Тренингке 100-ден астам адам қатысты.
Онлайн-тренингтің мақсаты сайлау процесінің барлық кезеңдерінде мүгедектігі бар азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету үшін АСК мен ЖАО мүгедек адамдардың сайлау құқықтары мен қажеттіліктері саласындағы әлеуетін күшейту көзделді.
Тренинг барысында сайлау учаскесінің қолжетімділігін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ «Қарым-қатынас кедергілері: мүгедектерге қатысты этика және терминология» АСК және УСК үшін практикалық жаттығулар, әдістемелік ұсынымдар қаралды.
Сондай-ақ сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде жаднама дайындалды. Дайындық кезінде жұмыс тобы мүшелерінің – «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ және «Еркіндік қанаты» ҚБ өкілдерінің сарапшылық ұсыныстары ескерілді.
Отырыс соңында Анастасия Щегорцова сайлау науқаны шеңберінде барлық мүдделі тараптардың: саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің, кандидаттардың, мемлекеттік органдардың, сайлау комиссиялары мүшелерінің мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.
Дереккөз:
election.gov.kz