9-10 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров пен ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссияларына инспекциялық сапармен барды.Сапар барысында ОСК мүшелері 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша жергілікті жерлерде көшпелі семинар-кеңестер өткізді.
Іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыстық прокуратуралардың қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері, халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Инспекциялық сапардың негізгі мақсаттары сайлау заңнамасының жаңалықтарын түсіндіру, сайлау комиссияларының мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ алдағы сайлауға дайындық бойынша атқарылған жұмыстар туралы өңірлердің есептерін тыңдау болып табылады.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Ғалиев өңірде сайлауды ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ол облыстағы сайлаушылар саны 761 471 адамды құрайтынын атап өтті. 654 сайлау учаскесінің жұмысы ұйымдастырылды, олар материалдық-техникалық жоспарда, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып қамтамасыз етілді: арнайы жабдықталған бұрыштар ашылды, онда сайлау бюллетенін толтыру тәртібінің аудио нұсқалары, сайлау бойынша ақпаратты тыңдау, қосымша жарықтандыру және оптикалық түзету құралдары (лупа) көзделген.
Кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылар үшін жасырын дауыс беруге және жүріп-тұруға арналған кабиналардың ыңғайлылығы, сондай-ақ ақпараттық материалдармен танысудың қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады. Сөйлеу немесе есту қабілеті бұзылған адамдар үшін дыбыс күшейткіштері мен құлаққаптар орнатылады.
Сондай-ақ семинар-кеңес барысында Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары Виталий Шабер сөз сөйлеп, сайлау науқанының барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс туралы баяндады.
Ұлытау облысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы
әкім аппаратының басшысы Абзал Жайлыбаев баяндады.Ол бүгінгі таңда аймақта 70 округтік сайлау комиссиясы жұмыс істейтінін хабарлады. Облыс бойынша барлығы 134 сайлау учаскесі, 123-і ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікпен жабдықталған, қалған 11 сайлау учаскесі уақытша пандустармен жабдықталған.
Сайлау науқаны кезінде көру қабілеті бұзылған адамдар үшін сайлау учаскелерінде аудиожазба және Брайль трафареттер түріндегі ақпараттық материал пайдаланылады.
Барлық сайлау учаскелері материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталған.
Облыстағы сайлаушылардың жалпы саны 141 285 адамды құрайды. Барлық қалалар мен аудандарда сайлаушылар тізімін тексеру және сайлау учаскелерін нақтылау үшін сall-орталықтардың жұмысы ұйымдастырылды.
Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің сайттарында сайлаушылар тізімінде өзін іздеу бойынша қызметтер бар telegram_bot, сайлаушыға сайлау учаскесінің мекенжайын білуге және белгілі бір округтен тіркелген кандидаттардың тізімін алуға мүмкіндік береді.
Семинар-кеңестердің екінші бөлімінде Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Дауыс беру күні» іскерлік ойын стилінде тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты-сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс берудің барлық рәсімдерін сапалы меңгеруі, сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімімен, есептен шығару куәліктерімен, азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерімен, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен қарым-қатынас жасау тәжірибелік дағдыларын игеру.
Семинар-кеңес соңында Ортсайлауком мүшелері аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.
Дереккөз:
election.gov.kz