1-2 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров және ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина инспекциялық сапармен Павлодар облысы мен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссияларына барды. Сапар барысында ОСК мүшелері 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша жергілікті жерлерде көшпелі семинар-кеңестер өткізді.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыс прокуратураларының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері, халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушыларға сайлау заңнамасының барлық жаңалықтарын, сайлау алдындағы үгітті қаржыландыру мәселелерін түсіндірді, 29 бірмандаттық округ бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу бойынша қорытындыларды жеткізді, сондай-ақ алдағы сайлауға дайындық бойынша атқарылған жұмыстар туралы өңірлердің есептерін тыңдады.
Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев сайлаушылар тізімін өзектендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Қалалар мен аудандардың барлық әкімдіктерінде Call-орталықтар іске қосылды. «109 бірыңғай байланыс орталығы» базасында тәулік бойы арнайы байланыс желісі, телеграм-ботта ЖСН бойынша іздеу сервисі жұмыс істейді.
25 ақпанда 512 200 адамнан тұратын сайлаушылар тізімі учаскелік сайлау комиссияларына берілді.
Ол сайлауды өткізуге барлық 523 сайлау учаскесі тартылатынын атап өтті. Олардың барлығы материалдық-техникалық қамтамасыз етілген, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері ескерілген.
Облыс бойынша дауыс беру кезінде ерекше жағдайларға мұқтаж 3200 мүгедектігі бар сайлаушылар бар (899 кресло-арбаны пайдаланушылар, 1553 көру қабілеті бұзылған және 784 есту қабілеті бұзылған).
Барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз кіруі үшін барлық жағдайлар жасалған ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан.
Мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы болу және оларды сайлау учаскелеріне жеткізу үшін дауыс беру күні «Инватакси» қызметі көрсетілетін болады.
Есту және көру қабілеті нашар адамдар үшін әр учаскеде диагоналы 54 см компьютерлермен, құлаққаптармен, үлкейткіштермен, Брайль шрифтімен трафареттермен жабдықталған бұрыштар көзделетін болады.
Науқанды өткізу кезеңінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін сайлау учаскелеріне бара алмайтын мүгедектігі бар адамдарға дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшігі бар көшпелі комиссиялар ұйымдастырылатын болады.
Сондай-ақ кеңес барысында
облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев сөз сөйлеп, сайлау процесіне қатысушылардың заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі қадағалау органының қызметі туралы хабардар етті.
Астана қаласында өткен семинар-кеңес барысында ОСК мүшелері аумақтық сайлау комиссиялары үшін нақты кейстер негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер ұйымдастырды.
Семинар-кеңес соңында Ортсайлаукомның мүшелері аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.
Дереккөз:
www.election.gov.kz