Қазақстан СІМ-де ТМД байқаушылар миссиясының басшысымен кездесу өтті

02 наурыз 2023

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына байқау жүргізу мақсатында келген ТМД байқаушылар миссиясының басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимовпен кездесу өткізді.


Кездесу ҚР Парламенті Мәжілісі және маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына ТМД-дан байқаушылар миссиясының ашылуы шеңберінде орын алды.


Р. Василенко сұхбаттасын алдағы парламенттік сайлаудың негізгі жаңартуларымен, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен егжей-тегжейлі таныстырды.


Өз кезегінде Л. Анфимов қазақстандық тарапқа сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, ТМД Миссиясының жұмысын ұйымдастыру туралы хабардар етті. Миссия өңірлер бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлумен, сондай-ақ Қазақстан заңнамасын бағалаумен айналысатын болады. Қазіргі уақытта миссияны қалыптастыру процесі жүріп жатқаны атап өтілді. Миссия құрамына 200-ге жуық байқаушылар кіреді деп күтілуде, оның 10-ы Астанадағы Миссия штабында ұзақ мерзімді негізде жұмыс істейтін болады.


Дереккөз: www.gov.kz
OUR COMPANY
Bring Your Ideas to Life
Everything that you dreamed of can be brought to life exactly at the moment when you decide to win.