Конституциялық Соттың судьялары ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясының бақылаушыларымен кездесті

02 наурыз 2023

Конституциялық Сот судьялары Парламент Мәжілісіне кезектен тыс сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы Миссиясының Басшысы Оуэн Мерфимен кездесу өткізді.

Конституциялық Соттың (КС) төрағасы Эльвира Әзімова қазақстандық конституциялық бақылау органының қызметі мен өтініштерді қарауға қойылатын талаптар туралы айтты. Төраға алдын ала қарауда азаматтардың сайлау және сайлану құқығына қатысты алты өтініші бар екені туралы хабарлады.

КС Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов және КС судьясы Қанат Мусин ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Дереккөз: www.gov.kz
OUR COMPANY
Bring Your Ideas to Life
Everything that you dreamed of can be brought to life exactly at the moment when you decide to win.