Мәжіліс сайлауы өзгерістер кезеңі болмақ – Гүлмира Тоқанова

02 наурыз 2023

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Гүлмира Тоқанова наурызда өтетін Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты өз пікірін айтты.

Өткен жылы елімізде үлкен өзгерістер болды. Күрделі қайта құрулар саяси институттар, орталық және аймақтар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге, өкілді билікті қалыптастыру принциптеріне, экономикалық қатынастарға әсер етті. Президенттің 2022 жылғы наурыздағы Жолдауымен және референдумда конституциялық өзгерістердің қабылдануымен еліміздің ауқымды құрылымдық саяси жаңғыруы басталды. 2022 жылы президенттік институт жаңа ережелер бойынша жұмыс істей бастады. Жаңа жылдан бастап тежемелік және тепе-теңдік жүйесіндегі маңызды институт – Конституциялық сот жұмыс істей бастады,- деді Гүлмира Тоқанова.

Ғылыми қызметкер өз сөзінде, былтыр басталған реформалар еліміз үшін алдағы онжылдықтардағы өзгерістердің бастауы болғанын айтты.

Жақында Мәжіліс пен мәслихаттарды жаңа принциптер бойынша сайлау өтпек. Өткен жылы басталған реформалар еліміз үшін алдағы өзгерістердің бастауы болды. Елдің қоғамдық-саяси өмірінде әлі көп өзгерістер жасау қажет. Бұл азаматтық қоғам мен бизнестің белсенді қатысуын талап етеді. Қоғам, бизнес және мемлекет арасындағы тұрақты және ашық диалог арқылы ғана жақсы шешімдерге қол жеткізуге болады,- деді ол.

Elorda.info
OUR COMPANY
Bring Your Ideas to Life
Everything that you dreamed of can be brought to life exactly at the moment when you decide to win.