Сайлау: Заңбұзушылық бойынша 28 факт анықталды

01 наурыз 2023

«Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде БАҚ үшін кезекті брифинг өтті деп, хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қатысушылар қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың алдағы сайлауды қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруына қатысты заңнамалық жаңалықтарды түсіндірді. Сонымен қатар сайлау науқаны барысында орын алған бұзушылықтардың жекелеген кейстерін қарады.
Басқосуда «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ атқарушы директоры Әбдіқарым Ақжанов салық органдарының қызметіне тоқталды.

Салық органдары 15 күн ішінде Мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткерлердің декларациясына тексеріс жұмысын жүргізген.
Бүгінде өздері туралы дұрыс ақпаратты бермеген кандидаттарға Орталық сайлау комиссиялары сайлауға қатысуға рұқсат еткен жоқ. Өткен аптада аталған заң бұзушылық бойынша 28 факт анықталды. Оған қатысты шешімді Орталық сайлау комиссиялары қабылдайды, - деді Әбдіқарым Арынұлы.

Ал Орталық басшысының орынбасары Думан Жампейісов сайлауға қатысты бірқатар заң бұзушылықты байқағанын айтты.

Біз ақпараттық кеңістікте кейбір заң бұзушылықты байқап жатырмыз. Мысалы, 102-бапта көрсетілгендей, тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін үгіт-насихат жұмысын жүргізу. Кейбір депутаттыққа үміткерлер мерзімінен бұрын әлеуметтік желіге шығып, сайлауда дауыс беруге шақырды, - деді Думан Әбілтайұлы.
OUR COMPANY
Bring Your Ideas to Life
Everything that you dreamed of can be brought to life exactly at the moment when you decide to win.