27 және 28 ақпанда ОСК мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу шеңберінде инспекциялық сапармен Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысына барды.Өңірлерге сапарға Ортсайлауком аппаратының жауапты қызметкерлері де қатысты.
Семинар-кеңестерге жергілікті атқарушы органдардың, облыстық прокуратураларының өкілдері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері, ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды ұзақ мерзімді байқаушылары қатысты.
ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров уәкілетті мемлекеттік органдармен және облыстық аумақтық сайлау комиссияларымен өткен кеңестерде өңірде жүргізіліп жатқан сайлаушылар тізімдері, ұйымдастыру мәселелері, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ сайлау бюллетеньдерін учаскелерге уақтылы жеткізу және басқа да мәселелер бойынша баяндамаларды тыңдады.
Мәселен,
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Кинигул Бичуинов 26 ақпандағы жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне өңірдің 499 085 тұрғыны енгізілгенін хабарлады.
Облыс халқын сапалы ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін 167 орын анықталды. Сонымен қатар LED-экрандарда саяси партиялардың ақпараттық бейнероликтері мен үгіт-насихат роликтері көрсетіледі.
Халықты сайлау учаскелеріне жататыны туралы ақпараттандыру үшін облыстың қалалары мен аудандарында әкімдіктер жанында 12 CALL-орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ учаскелерде тіркеудің дұрыстығын «электрондық қызметтер орталығы»порталының «Өз сайлау учаскеңді тап» сервисі және «DigitalEast» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.
Барлық 533 сайлау учаскелерінің шекаралары нақтыланды. Барлық сайлау округтері мен учаскелері жұмысқа дайын. Олардың жұмыс істеуі қолданыстағы заңнаманы, санитарлық нормаларды және қоғамдық қауіпсіздікті ескере отырып ұйымдастырылатын болады.
Стендтермен, қалқандармен және тумбалармен жабдықталған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 470 орын (облыс орталығында - 33, қалалар мен аудандарда – 437) анықталды. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін 200 орын белгіленді.
Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ерекше қажеттіліктері бар 1784 сайлаушы үшін 264 учаскеде дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері шешілді.
1784 сайлаушының 650-і мүгедектер арбасын пайдаланады, 700-і көру қабілеті толық жоғалған, 434–і есту мен сөйлеу қабілеті толық жоғалған.
Бүгінгі таңда 495 учаске бірінші қабаттарда орналасқан, 472 - пандустармен, 482-тактильді көрсеткіштермен жабдықталған. 424 - тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар көзделетін болады. 502 мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыштар жабдықталатын болады.
Дауыс беру күні ерекше қажеттіліктері бар азаматтар тұратын 13 елді мекенде «Инватакси» қызметі ұйымдастырылады. 113 учаскеде сурдоаудармашылар тартылатын болады.
Сондай-ақ семинар-кеңес шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы
Жандос Қоңыров сөз сөйлеп, сайлау науқанын өткізу кезеңінде сайлау процесіне қатысушылардың заңнаманы сақтауын қадағалауды жүзеге асыру туралы хабардар етті.
Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсенбаев облыс бойынша барлығы 416 030 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілгенін хабарлады.
Облыста сондай-ақ облыс әкімдігінің, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңді тап» іздеу сервистері жұмыс істейді. Сервистер ЖСН мен мекен-жайды көрсете отырып, сайлау учаскесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қалалар мен аудандарда Call-орталықтар жұмыс істейді. Облыс аумағында анықтамалық ақпаратты алуды жеңілдету үшін 24/7 режимінде 109 тегін нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда 11 аумақтық, 141 округтік және 478 учаскелік сайлау комиссиялары құрылды.
Барлық 478 сайлау учаскесі жұмысқа дайындалды, материалдық-техникалық қамтамасыз етілді.
Ол сондай-ақ облыста мүгедектігі бар адамдардың саны 2 687 адамды құрайтынын, оның ішінде кресло – арбаларды пайдаланушылардың саны – 916, көру қабілетінің толық және ішінара жоғалуы – 1 179, есту және сөйлеу қабілетінің жоғалуы - 592 екенін хабарлады.
Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жағдайлармен, соның ішінде пандустармен және тактильді көрсеткіштермен жабдықталған.
Сондай-ақ азаматтарды тіркеу орны бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру күні қосымша 15 жылжымалы пандус орнатылады. 395 сайлау учаскесінде мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыш ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ қажет болған жағдайда онлайн қызметтер көрсететін 6 сурдоаудармашыны тарту жоспарлануда.
Дауыс беру күні 16 «Инватакси» қызметтерін көрсететін болады.
Кеңес барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау заңнамасының барлық жаңалықтарын, ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктерін түсіндірді, сондай-ақ сайлау комиссиялары Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі барлық негізгі іс-шараларды бақылауда ұстап, осы ел үшін маңызды және жауапты сайлауды заңға қатаң сәйкес өткізуге дайын болуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар семинар-кеңес аясында аумақтық сайлау комиссиялары үшін іскерлік ойын түрінде оқыту тренингі өткізілді. Тренинг барысында сайлау комиссияларының мүшелері оның барлық компоненттерін қамти отырып, учаскелерде дауыс беру процесін көрсетті. Олар сайлау күні учаскелерді ашудан, дауыс берушілерді тіркеуден, бюллетеньдер беруден және барлық жұмыс аяқталғанға дейін учаскелік сайлау комиссияларының қалай жұмыс істейтінін көрсетті.
Дереккөз:
almaty-akshamy.kz