Саяси партиялар арасындағы теледебаттар 1 және 16 наурызда "Қазақстан" және "Хабар" телеарналарында өтеді

28 ақпан 2023


«ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың дебатын ұйымдастырады. Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес пікірсайысты өткізу ережелері мен қағидатын бекітті.

Осы орайда 2023 жылғы 1 наурызда Qazaqstan ұтық телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді.
Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады.

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нурлан Ауесбаев 4 кезең бойынша өзара пікірсайысқа түседі.
Тікелей эфир 1 наурыз 20:30-да өтеді. Пікірсайыс «Qazaqstan» телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.

Партиялардың пікірсайысын өткізудің келесі кезеңі 16 наурызға белгіленді», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.
«Теледебат өткізу бойынша қаулы бір ауыздан қабылданды. Осы қаулы Мәжіліс сайлауына қатысатын сайлауалды штабтарының назарына жеткізілсін. Орталық сайлау аппараты «Хабар» агенттігімен сайлауалды пікірсайыс өткізу туралы шарт жасассын», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін Мәжіліс сайлауына 12 млн-нан астам дауыс берушінің тіркелгені туралы хабарлаған едік.

26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.

Сондай-ақ, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретін айтылды.
OUR COMPANY
Bring Your Ideas to Life
Everything that you dreamed of can be brought to life exactly at the moment when you decide to win.